$ 494.87  520.65  4.91

«Көзден жас тамды»: Әнші Qanay әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады (ВИДЕО)

Ән фонында әскерге кетіп, бірнеше күннен соң қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай туралы жаңалықтар көрсетіледі.

Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол қазақстандық әнші-композитор Ескендір Хaсaнғaлиевтің "Бозторғайым" әнін қайта жаңғыртып, видео түсірді. Ән фонында әскерге кетіп, бірнеше күннен соң қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай туралы жаңалықтар көрсетіледі.

Qanay-дың орындауындағы "Бозторғайым" жұрттың жүрегін елжіретті. 

"Жаным-ау жаным нағашы апаларының аппақ жиені. Бақұл бол!", "Көзден жас тамды", "Әттеген-ай, өкінішті өте", "Айналайын інім, бауырым, сонша жылаттың ғой мына әніңмен. Ғұмырың ұзақ болсын", "Тек биіктерден көріне бер. Айтарға сөз жоқ", "Қандай керемет! Жүрегің елжіреп кетеді", - дейді қазақстандықтар.

"Бозторғайым" әні жетпісінші жылдары жазылған. Ескендір Хасанғалиев естеліктерінде, бозторғай - жыл құсы емес, ол қанша қиын болса да, туған жерінде қыстайтын сирек құстардың бірі деген екен.

"Бұл - өз жерінде өзінің ана тілінде сөйлей алмайтын халқым үшін жанымның назын сипаттайтын ән", - деп келтерді композитордың сөзін "Белгісіз Қазақстан" блогының авторы Диас Камериданов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары