$ 495.2  522.34  4.94

Мақпал Жүнісова кешірім сұрады

Оқырман қауым Мақпал Жүнісованы қолдап, ыстық лебіздерін жеткізді.

Әлеуметтік желіде  қызу талқыға түскен шулы видеодан соң Мақпал Жүнісова көпшілік алдына шықпай кетіп еді. Аталған атышулы видеоға дейін желіге түрлі суреттерін жариялап, жазба жазып, оқырмандармен тығыз байланыста отыратын халықтың ерке қызын көпшілік жоғалтып алған болатын.

Осы оқиғадан кейін үнсіз қалған әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші парақшасына "Адамдар кешіріңдер" деген әнін салып қойған. Ұзақ уақыттан соң әлеуметтік желіге шыққан Мақпал Жүнісованыхалық қуана қабылдады.

Әннің астына оқырман қауым Мақпал Жүнісованы қолдап, ыстық лебіздерін жеткізді. Оқырмандары "Жаным апатайым", "Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші", "Алтын апатайым" деп қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары