Түркиядан жылжымайтын мүлік алған қазақстандықтардың қатарына енді Қайрат Нұртас қосылды. Ол Аланиядан үй сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әнші Instagram парақшасында өзге елден алған баспанасын көрсетті.
"Құттықтап қойсаңыздар болады ағайын, әрбір қазаққа бұйырсын!" - деп бөлісті ол.
Фанаттары мен әріптестері әншіні жарыса құттықтады. Ал Төреғали Төреәлі болса, әріптесіне өлең арнады.
"Қайреке-ау, Қазақстан қалай болар?
Біз ұқсап құрметтеуге жарай ма олар?!
Стамбул көлік берсе құтты болсын
Сен алған үй де зәулім сарай болар?!
Нар тәуекел деп кеткен Түркияға
Олар да біздің ұлға абай болар.
Түркі тілдес халықты әнмен жаулап
Ол жақта да концертің талай болар.
Бастысы баспаналы болып алдың
Басқасын басып алу оңай болар?!" - деді ол.
Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Стамбұлға барып, кенже ұлы мен келініне бизнес ашып берген еді.