$ 448.15  483.46  4.86

Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалған: Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы тарады

Бұл туралы Рахман Омар өзінің инстаграм парақшасында жазды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Актер Сағат Жылгелдиев тойда билеп тұрған жерінде жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы Рахман Омар өзінің инстаграм парақшасында жазды.

“Е,е,е…Жалған дүние-ай… Кім ойлаған?..Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр… Дел-сал күйдемін…Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді… Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! деп құрдасымдай ойнаушы ем… Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау… Көз алдымызда кетіп қалдың-ау… Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау…Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео”, – деп жазды Рахман Омар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #актер #Би