Актер Сағат Жылгелдиев тойда билеп тұрған жерінде жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы Рахман Омар өзінің инстаграм парақшасында жазды.
“Е,е,е…Жалған дүние-ай… Кім ойлаған?..Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр… Дел-сал күйдемін…Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді… Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! деп құрдасымдай ойнаушы ем… Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау… Көз алдымызда кетіп қалдың-ау… Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау…Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео”, – деп жазды Рахман Омар.