$ 498.34  519.72  4.85

«Ол менде ғана бар атақ». Мұрат Құсайынов Димаштың қайраткер атағын алғанына қарсы

Әйгілі “Дос-Мұқасан” ансамбілінің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, белгілі композитор Мұрат Құсайынов Димаш Құдайбергеннің атақ алуына әлі ерте екенін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Мұрат Құсайынов қазіргі жас әншілердің оңай атақ алғанына қарсы. Әнші атақ алу үшін бірнеше жылдап еңбек ету керек деген ойын жеткізді. 

“Димашты 16 жасынан танимын. Кезінде даусың бар, талантың бар. Сен оқып ал, сахнаға шығуға асықпа деп айтқаным рас. Талай жарыста әділқазы болып, өнерін бағаладым. Елордада бір жарыста бас жүлдені бердік. Кейін Қытайда табысты болып оралды. Атағы тарады. Қытай жалпы айқай-шуды, шыңғырғанды жақсы көретін халық. Не дегенмен, Димаш табыспен оралды. Мен оның таланты барын мойындаймын. Димашқа арнайы бағдарлама керек. Себебі, оны әлем танып отыр. Онымен мәдениет министрлігі жұмыс істеуі керек. Арнайы комиссия құру керек. Алайда министр ешнәрсе істеп жатқан жоқ. Спортқа бөлінген ақшаны да, мәдениетке бөлінге ақшаны да жеп отыр. Жас таланттарға қолдау керек. Димаш, Максим секілді өнерпаздармен арнайы бағдарлама дайындау керек.

Бірақ мен жас әншілердің атақты оңай алғанына қарсымын. Атақ алу үшін көп еңбек керек. Димашқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. Ол менде ғана бар атақ. Оны қазір бәріне бере беретін болды. Атақтың құны қалмай бара жатқандай. Ол үшін әнші көп еңбектену керек қой”, – деді Құсайынов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары