$ 498.51  522.84  4.81

Жас ақындар мүшәйрасы Тәуелсіздікке арналды

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында жас ақындар «Тіл тәуелсіздік тірегі» атты мүшәйрада бақтарын сынады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген шараға 19 үміткер қатысты. Аудандық мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі ұйытқы болған жыр додасы жас дарындылардың мүмкіндіктерін саралады.

Әділ-қазылар мүшелерінің айтуынша, жалпы егемен елдің ертеңін қалыптастырар бүгінгі ұрпақ білімді, дарынды және жалынды. Олардың жыр шумақтары көкейкесті мәселелерді айшықтап қана қоймай, терең ой қозғауын салады. Жыл сайын талантты жастардың табалын шыңдайтын жыр мүшәйралы жер-жерде ерекше ықыласпен өткізіліп келеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жастар арасында насихаттау арқылы ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, қаламы жүйрік ойы ұшқыр жас дарындарды анықтау мақсатында өткен жыр мүшәйрасында ерекше қасиетімен көзге түскен жастар көп болды. Атап айтар болсақ, Шарапхана ауылынан келген Ұлболсын Сағынбек тәуелсіздіктің ақ таңы туралы керемет туындысымен дараланып, бірінші орынды иемденді. Қазығұрт ауылдық округінің жас ақыны Бағила Құрбанова екінші орынды иемденсе, Абдалиев елді-мекенінен келген Нұрлыайым Амантай мен Шанақ ауылдық округінен ат терлетіп жеткен Назерке Мәлік үшінші орынды өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары