$ 498.51  522.84  4.81

Театрда үлкен қойылым. Тәуелсіздікке тарту

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Отырар ауданының халық театры «Тәуелсіздікке тарту» акциясымен бірнеше қойылымдарды ел назарына ұсынды. Олар Бейімбет Майлиннің «Шұға» лирикалық шығармасы мен Т.Ахтановтың «Ант» тарихи драмалары. Сахналық туындыда қазақ елінің тарихы үшін күрескен ерлердің батырлығы, рулардың басын қосып жауға қарсы күрескен бабаларымыздың баиылдығы мен көрегендігі сомдалды.

Көрермен қауым қойылымды ыстық ықыласпен қабылдады және құрмет көрсетті. Қойылымды арнайы тамашалауға Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов келді. Бүгінде аудан әкімдігі сол ғажайып өнерді сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыруды мақсат тұтып отыр. Осы бағытта театр өнерін қолдап, мәдениетті дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді. Мәдениет саласын оңтайландыру ғасырдан ғасырларға қазына боп қатталып, тарих ретінде тасада қалмауы үшін барлық мәдени мұраларымыз бен байлығымызды көздің қарашығындй сақтау біздерге жүктелген міндет деді аудан басшылығы. Ал театр өнерпаздары болса, өз кезегінде бұл құнды мұралардың тәуелсіздікпен бірге түлеп, қайта жаңғырып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, қазіргі таңда ауыл-аймақтарда да театрға келушілер қатары артқан. Бұл қарапайым халықтың ұлттық мұраға ден қойып, рухани азықпен сусындауға асық екендігінің дәлелі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары