"Тасжүрек, ақшадан өлдің ба? Отыр үйде": Салтанат Бақаева кішкентай сәбиін анасына қалдырып, гастрольге шыққаны үшін елден оңбай сөз естігенін айтады. Елдің сөзін електен өткізген әнші кезекті сапарына ұлын өзімен бірге алып барған. Алайда сонда да көпшілікке жақпады. Бақаева елге назын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол әуежайда кезіккен бейтаныс әйелдің ескертуі жайлы айтты. "Балаң бірге жүріп шаршап қалды-ау, обал болды", – дейді бір әпкем ұшағымды күтіп отырсам әуежайда!
Осының алдында баламды мамама қалдырып кеткенімде: "Тасжүрек, ақшадан өлдің ба? Отыр үйде", – деп инстаграмда қырғын хат келген! Соған қарағанда сондай нәрсені жазған адамдарға маза бермей тұрған баланың жағдайы емес, менің жұмыс істеп, ақша тапқаным болып тұр ма деп қалдым. Білмеймін енді.
Бірақ, менің ойымша, бала мамасымен болса болды! Бұным бәлкім қате шығар, дегенмен баланы туып алып, бүкіл өмірімді, жұмысымды тоқтатып қоятын адамдардың қатарынан емеспін! Сізге де сондай кеңес берем! Шын мәнінде бәрі біздің ойымыз бен санамызға байланысты!" – деп бөлісті ол.
Желі қолданушыларының кейбірі Бақаевамен келіссе, ендігілері халықтың жанашырлықпен ескерту жасайтынын атап өткен.