«Тәуелсіздік және қаламгер». Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың белгілі қаламгері, талантты жазушы Мархабат Байғұтпен кездесу кеші болып өтті.
«Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға әдебиет сүйер қауым қатысты. Бұл басқосу Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Мақсат - жастар арасында ұлы тұлғалардың еңбегін насихаттау арқылы еліміздің 25 жылда жеткен жетістігін дәріптеу. Тағылымы мол кездесуде жазушы шығармаларын оқыту арқылы әдебиет құндылықтарын арттыру тілге тиек етілді.
АҚМАРАЛ ОМАРОВА - ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл кездесу кешінде біз жоғары оқу орнының студенттерін, мектеп оқушыларын арнайы шақырдық. Олар арнайы қаламгер оқыған шығармаларын бейнелеу өнері арқылы бізге айтып береді.
Қазақстан суретшілер одағы облыстық ұйымының төрағасы Нұрлан Шилібаев пен Мәдениет қайраткері Батухан Баймен де осы кеште жыр сүйер қауыммен тілдесті. Өзара пікір алмасып, әсерлі әңгіме құрды.
МАРХАБАТ БАЙҒҰТ – ЖАЗУШЫ:
- Бүгінгі «Тәуелсіздік және қаламгер» деген кеште сол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай дайындықтың аясында өтіп жатыр. Қөбісі - студенттер. Менің шығармаларымды оқып, сол шығармалардың сюжеті бойынша өздерінің түсініктемелері бойынша сурет салған.
Кеш соңында қатысушылар Мархабат Байғұттың шығармаларына арналған сурет көрмесін тамашалап, әдебиет әлеміне саяхат жасады. Әр жылдардың жылнамасына қанықты.