$ 494.87  520.65  4.91

«Аяқ-қолы сау»: Аша Матай 4,8 млн теңгеге бағаланды

Күлейін бе, жылайын ба?

Алматы облысында әнші Аша Матайдың сахналық лақап атымен аттас бие сатылымға шығарылды. 5 жасар биенің иесі оны 4,8 миллион теңгеге бағалап отыр.

Аша Матай атты жылқының сатылатыны жайлы жарнама Instagram-дағы Baige.kz парақшасында жарияланды.

"Лақап аты Аша Матай, 5 жасар байтал. Аяқ-қолы сау. Бағасы 4,8 миллион теңге",  деп жазылған жарнамада.

Бұл жарнаманы оқыған танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай не күлерін, не жыларын білмеді. Бірақ шоу-бизнес өкілі ақшасы болса өзі-ақ сатып алатынын айтты.

"Күлейін бе, жылайын ба? Бірақ өзі әдемі ат екен",  деді әнші Аша Матай.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аша Матай