$ 446.49  475.38  4.79

Shiza өзінің өрескел қылығы үшін халықтан рэп арқылы кешірім сұрады

Мойындаймын, ішіп алдым мен мал ұқсап.

Алматыдағы концертте басы дауға қалған әнші Shiza - Асхат Жолшиев жасаған әрекеті үшін рэп арқылы кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    "Не болғанын түсіндірейін адамша,

    Видеомен емес, өлең арқылы оданша.

    Мен - қазақпын, руым - Алтыбас, Қыпшақ,

    Мен қазақпын соңғы демім қалғанша,

    Руыммен емес, ұлтыммен мақтанамын.

    Көк туды айтар кезде туды таптамадым

    Туды лақтырмадым да, артық қыламын деп тыртық болды.

    Шықтым сахнаға, жардым танцполды

    Менімен жақын таныс бол, бауырым

    Түсіндіріп берем

    "Біреудің қымбат туы" дегенді

    Ту ортақ, ол белгілі

    Бірақ туды заттай алсақ менікі емес

    Сонда жүрген біреудікі

    Сондықтан да мен айттым "біреудікі"

    Көрерменге бергім келді табыстап

    Оянып кетті сенің өтірік намыстарың

    Ойымды жеткізе алмадым мен дұрыстап

    Мойындаймын, ішіп алдым мен мал ұқсап

    Егер де артық кетсем айып етпеңдер басқа тиді

    Сахнада көрмейсіңдер мас күйде енді мені

    Просто көрерменге бергім келді табыстап", - дейді әнші.
Асхат Жолшиевтің бұл әрекетін оқырмандары қолдаған. Асхаттың жазбасына 2 мыңға жуық пікір жазылған.

"Кешірім сұраудың жаңа деңгейі", "Жұмыс істемейтін адам қателеспейді. Жарайсың. Сонда да сені тыңдаймын. Әдейі істемегенің көрініп тұр ғой. Псевдо-патриоттар бәрін ушықтырып жіберді", "Сүрінгенді соққан ұят болды, істеген жақсылығыңа қарамай, бірақ сенікі де қате болды. "Семіргенді қой көтерер" демекші. Сүрінсең де, тұр әрі қарай жүр, тек алға, Асхат", - дейді әшінің оқырмандары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ту