Әнші Мақпал Исабекова 38 жасында алғаш рет ана атанды. Өнер иесі бүгін тұңғышын дүниеге әкелген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мақпал Исабекова жолдасына ұл бала сыйлаған. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып әншінің жақын досы Диас Аблаев хабарлады. Ол Instagram парақшасында жас ананың перзентханадағы суретін жариялап, көпшіліктен сүйінші сұраған. Еске сала кетейік, Мақпал Исабекова өткен жылдың мамыр айында тұрмысқа шыққан болатын. Ол сүйіктісімен мешітте шариғат жолымен некесін қидырған еді. Өнер иесі өзінің отбасылы болғанын жария еткенімен күйеуінің түрін көпке дейін көрсетпей жүрді.
Айта кетейік, бірер күн бұрын актриса Жәния Джуринская да алғаш рет ана атанды. Киножұлдыз қызды болды.