$ 498.51  522.84  4.81

Отырарда жазба ақындардың мүшайрасы өтті

«Бірлік басы – береке». Осыны ұстын еткен отырарлықтар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап жазба ақындар мүшайрасын ұйымдастырды. Бұл туралы ОҚО Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақындар азаттықтың ақ таңында Қазақстанның көк туы желбірегенін өрнекті сөздерімен жеткізді. Бірі елім деп, еміренсе, енді бірі егемендік – қайсар рухтың арқасында жеткендігін жырға қосты. Жастарды құттықтауға келген Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов «бірлігі бар елдің озып, бірлігі жоқ елдің тозатынын» пайым-парастқа салып жеткізді.

- «Әр күнгі жетістік бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген болатын Елбасы өз жолдауларының бірінде. Президент Н.Назарбаевтың тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс. Ынтымақ пен достықты жырға қосқан ақындарымыз бүгінгі ұрпақтың санасын оятып, тыныштығымызды баянды етуде үлкен жұмыстар атқарып келеді. Осындай асыл қасиеттерді бойына сіңірген жастарымыз еліміздің келешегін кемел ететініне сенімдімін, - деді Ә.Жүнісов.

Шабытына шабыт қосып, тарихтың өткен беттерін парақтаған жастар қара сөздің түйінін тұщымды ойларымен жеткізе білді. Соған сәйкес ақын Бегман Сұлтаев, суретші-ақын Әділхан Мәлік, ұстаз раушан Мұратовалар қазылықты әділ жасауға тырысты. Тәуелсіздікті, ел татулығы мен бірлігін дәріптеуде үздік шығармашылық ізденіс көрсеткен Баянбай Ахметрасул мүшайраның жеңімпазы атанды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары