$ 444.32  473.33  4.76

Үздік шығармалар сараланды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкенттегі Қоғамдық келісім мекемесінде «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» жұлдызды күн акциясы аясында облысымыздағы түрлі этнос жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті. Тәуелсіздік күніне арналған мәдени іс-шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарын мен мектептерден 60-қа жуық жас қатысты.

 Мұнда шығармашылыққа ден қойған өзге ұлт жастары еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін  көркем сөзбен өрнектеді. Өткен айда аудан-қалалардан іріктелген жастар бүгінгі байқауда топ жаруға тырысып бақты. Мыңнан тұлпар шыққан шығармалар республикалық байқауға жолданды,-дейді «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ербол Байқонақов. Сол күні ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Шырқа, сырнай!»  фестивалі өтті. Тәуелсіздік күніне орайластырылған бұл мәдени іс-шарада өнер көрсеткен 19 үміткердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Соңғы кездері баянда ойнайтын өнерпаздар азайып барады дейді қатысушылар. Олардың орнын заман талабына сай аккардеон алмастырып жүр. Бүгінгі шараның басты мақсаты – ескі өнерді жаңғыртып, Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерін бір мақсатқа жұмылдыру, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты арттыру ,-дейді фестивальді ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары