$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ десе, өзіңе тиеді. Менде де жүрек бар ғой» - 21 жастағы трансвестит ренішін жеткізді

Кеше ғана туған күнін атап өтіп, өзі сияқты бір топ трансвеститтердің басын қосқан Айя София желіде өз ренішін білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

«Сәлем достар, соңғы күндері қатты жаныма батып жүрген нәрсе бар. Қазақ десе өзіңе тиеді, өзіңнің қазағың, ойлап қарасаң, олар да ет пен сүйектен жаралған. Бірақ бізді жерден алып жерге салып ата-анамызды қарғап, бізге өлім тілеп, тозақ тілеп жатады. Оның не керегі бар?

Мысалы, мынандай сөз бар: «таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді». Кішкентай ғана сөзден адамның жүрегі қаншалықты жараланатынын сіздер білмейсіздер. Менің ішімде не болып жатыр? Қандай күй кешіп жүрмін? Қандай сағыныш немесе қандай өкпе-реніш, қандай кек барын сіздер білмейсіздер ғой. Ал білмей жатып  ауыздарыңызға келгенді оттап,  пікірге жазасыздар. Сіздер білесіздер ме,  қиналып жүрген адамға сіздердің айтқан сөздеріңіз одан сайын тайға таңба басқандай қинайды адамды.

Тағы оқыңыз: Бір топ трансвестит туған күн тойлап, той иесіне шапан жапты

Достар егер мен ұнамаймын ба, онда менен отписка жасап кетіңіздер, мен ұнамаймын ба, видеоларымды көрмеңіздер. Болды, басқа ештеңе сіздерді қинамайды. Сол сияқты мен де қиналмаймын. Менің де жүрегім бар, менің де көңілім бар. Бірақ мен сіздердің ешбіріңізге жаман нәрсе айтып жатқан жоқпын ғой. Мені де түсініңіздерші»,- деп бейнежазба жүктеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары