$ 448.15  483.46  4.86

Әнші Әміре жасы үлкен қыздарды ұнататынын жасырмады

Сондай-ақ, әлі үйленбеген сері нәзік жандылардың бойынан даналықтан қарағанда сұлулықты жоғары бағалайтынын айтып өтті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Әміре болашақта өзін бизнес әлемінен көретінін айтты. Ол "қартайғанша ән айтқысы келмейтінін" мәлімдеді. Сондай-ақ, бойдақ сері қандай қыздарды ұнататынын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Әміре ел аузында жүрген сұранысқа ие әншілердің бірі. Отандық және шетелдік түрлі шоу-жобаларға қатысқаннан кейін оның көрермендер армиясы артты. Ресейлік танымал әртістер де оның өнерін жоғары бағалады. Алайда саналы ғұмырын музыкаға арнаған Әміре "қартайғанша ән айтпаймын" деп елді таңғалдырды. Ол "5 жылдан кейін өзіңді қайдан көресің?" - деген сауалға:

"Бизнестен көремін. Сахнада өнер көрсеткенімше көрсетемін. Әрі қарай хобби болып қалады. Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ. Керісінше жас таланттарға көмектесіп, қолдау көрсеткім келеді. Болашақта өзімді жеке бизнестен көремін. Құдайдың қолында", - деді ол.

Сондай-ақ, әлі үйленбеген сері нәзік жандылардың бойынан даналықтан қарағанда сұлулықты жоғары бағалайтынын айтып өтті.

"Сұлу. Сұлу қыздарды (әйелдерді) ұнатамын", - деді ол.

Әміре өзінен жасы үлкен қыздарға ынтық екенін жасырмады.

“Жасы үлкен қыздар ерекше ұнайды”, – деді Әміре.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әнші #Әміре