$ 446.49  475.38  4.79

Айгүл Елшібаева: Өнерде жезөкше қыздар бар, оларды көріп жүрмін

Өзінің талантына, өзінің өнеріне сенбей, жеңіл жолмен шыққан қыздар бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, қазақ эстрадасындағы кейбір әншілердің жеңіл жолмен көтерілгенін айтты, деп жазады Skifnews.kz.

«Өнер адамдарының арасында жезөкше қыздар бар. Оны мен көріп те жүрмін, халық айтып та жүр. Кімнің кім екенін халық біледі. Өзінің талантына, өзінің өнеріне сенбей, жеңіл жолмен шыққан қыздар бар. Мен оны көріп жүрмін, оны бетіне айтпаймын да. Өйткені, ол құдайдың алдында өз күнәсін өзі көтереді. Мен дәстүрлі әншімін. Мен өзім қазақтың домбырасымен шыққан адаммын.

Ал домбырада не жатыр? Оның ішінде бүкіл дәстүр, діни наным, таным, түсінік жатыр. Шариғаттың нормалары… Ал оның бәрін бойына сіңіріп өскен адам ондай жолмен жүреді деп айта алмаймын. Ал басқа жанрларда… Оның айтатын әнінің өзі нәпсани жанр. Содан соң нәпсіқұмар адамдар оларға жүгінеді және өз қалауымен солай болып жатыр», — деді дәстүрлі әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары