Танымал эстрада әншісі Айдана Меденованың жаңа образы желі қолданушыларына ұнамай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ол ашық аспан астындағы кешке басқаша стильде киініп шыққан. Бірақ әншінің бұл образы көпшіліктің көңілінен шыға қоймады.
"Жыланды өлтіріп терісін киіп алған ба?", "Жыланға обал болған екен", "Ұяттары жоқ, сахналық киімдері қайда?", "Екі баласы бар, неге көйлек кимейді екен?" "Киімі ыңғайсыз болып тұр-ау", "Мынау енді өзінің киімін тауыпты ғой", — деген сарындағы пікірлер жазылған.