$ 443.85  474.3  4.8

«Неге наглый боп отырсың!»: Алмат Сақатов өзге ұлт өкілінің өзіне жоқ жерден тиіскенін айтты

Аталған жайт қазағы аздау Өскемен жерінде болғанға ұқсайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Актер Алмат Сақатов өз басынан өткен келеңсіз оқиға жайлы айтты, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

 Аталған жайт қазағы аздау Өскемен жерінде болғанға ұқсайды.

«Ассалаумағалайкум, ағайын! Қал-жағдайларыңыз қалай? Мен жаңа кафенің ішінде отырсам, бір кәрі, жағдайы нашар екені көрініп тұр, орыстың кемпірі келіп маған айтады. «Почему ты нагло сидишь» деп, ішіп алғаны көрініп тұр. Өзіммен өзім отырғанмын. 

«Я так нагло сижу. Потому что, на родине», дедім. 

Мына мемлекеттегі жоғары жақта отырғандар. Мынаны бірдеңе істемесеңдер болмайды, расында. Мынаның арты жаман болады. Енді ішіп алған өзге ұлт кемпірінің  айдалада отырған адамға келіп тиісуі дұрыс емес. Бұл жақсылыққа апармайды», деп видео үндеу жолдады. 

Желі қолданушылары да актерді қолдап пікір жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары