$ 494.87  520.65  4.91

«Соның кесірінен...»: Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуіне қалай алданғанын айтты

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова екі рет тұрмыс құрып, екеуі де сәтсіз аяқталған еді. Бүгінде әншінің әр некесінен бір ұл, бір қызы бар.

Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуінің тарапынан көрген қиыншылықтарын жұртқа айтудан жалыққан емес. Әнші бұл жолы бұрынғы жолдасының өзіне көрсеткен тағы бір ерсі әрекетін елге жариялаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші әлеуметтік желіде оқырмандарымен кезекті мәрте сырласып, оларды қызықтарған сауалдарға ашық жауап беріпті. Сұрақтардың басым бөлігі — Мөлдірдің жеке өмірі мен екінші күйеуі жайлы.

Екінші жолдасыңыз Camry 45 алып бергені рас па?, — деді желі қолданушысы.

Дәл осы сұрақтан кейін Мөлдір бұрынғы жолдасын бірден жамандап, оның кесірінен қымбат көлігінен айырылып қалғанын ашық айтты.

"Бәрі керісінше. Қайта соның кесірінен, қаншама тер төгіп жүріп, өзім алған Camry-імнен айырылып қалдым. Аллаға тапсырдым. Ондайларға басқа айтар сөз жоқ қой", — деді Әуелбекова.

Әлеуметтік желіде Мөлдірді үш миллионға жуық адам оқиды. Өзі тағдырлас келіншектің бірі әншіге мұңын шағып, мынадай сауал жолдапты.

"Екі рет тұрмыста болдым. Жұрттар сыртымнан күлетін сияқты", — деп кеңес сұрады оқырманның бірі.

Бұл сауалға Әуелбекова бірден жауап беріп, әлгі әйелді жұбатқан.

"Жұрт ақыретте сіздің өміріңіз үшін жауап бермейді. Сол себепті, жұрт үшін өмір сүрмеңіз", — деді Мөлдір.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова екі рет тұрмыс құрып, екеуі де сәтсіз аяқталған еді. Бүгінде әншінің әр некесінен бір ұл, бір қызы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары