Шығарылым түрлі жастағы аудиторияны өзіне баурап алатын отбасылық кино болмақ.
«Музыка, талант, алғашқы махаббат, сенім мен нағыз достық жайлы құрылған шынайы жүрекжарды оқиға баяндалады», – дейді фильмді таспалағандар.
Туынды режиссері – Айдын Сахаман. Басты рөлдерді Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев, Айғаным Сағынбаева, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Артур Асқарұлы сынды әртістер ойнайды. Сондай-ақ фильмде «5:32» веб-сериалы арқылы жалпақ жұртқа танылған Әбілмансұр Серіков те төбе көрсетеді.