$ 444.32  473.33  4.76

«Оттай бер, сорлы!»: Мақпал Жүнісова тыңдарманын балағаттап тастады

Мақпал деген сайын осы қатын да көрінгенмен жабысып... Зейнеп апа "албасты" деп дұрыс айтады.

Мақпал Жүнісова желіні тағы да шулатып жатыр. Халық әртісі бұл жолы өзінің оқырманымен жанжалдасып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде екі миллионнан астам аудиториясы бар Мақпал Жүнісова өміріндегі әр сәтін Instagram-ға салып, көпшілікпен бөлісіп отырады. Күні кеше бейтаныс әйелмен түскен суретін жеке парақшасына жүктегені сол еді, оқырманның бірі Халық әртісіне тіл тигізген.

"Мақпал деген сайын осы қатын да көрінгенмен жабысып... Зейнеп апа "албасты" деп дұрыс айтады", — деп жазды оқырманы.

Бұл жағымсыз жазбаны Мақпал Жүнісова да жауапсыз қалдырмады. Танымал әнші өзіне жөнсіз тиіскен оқырманын бірден балағаттап тастаған.

"Кім болсаңыз да оттай беріңіз. Кім көрінгенмен түспеймін. Ауызыңа ие бол, сорлы", — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары