Мәдениет және спорт министрінің пайымдауынша, фильмде Тоқаевтың саяси қызметі мен қаңтар оқиғасы кезіндегі шешімдері көрініс табады, деп хабарлайды stan.kz.
"Бұл қандай фильм болатыны әзірге белгісіз. Бірақ Қазақстанның барлық саяси өмірі, қаңтардағы оқиға фильм түрінде шығуы тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлының саясаты мен шешімдері бұған лайық", - деді Мәдениет министрлігінің басшысы.