$ 444.32  473.33  4.76

Мейрамбек Бесбаев пен Тұрсынбек Қабатов жаңа музыкалық бағдарламаны жүргізбек

Бағдарламада елімізге белгілі және жас әншілер танымал әндердің кавер нұсқасын орындайды.

Елімізде жаңа музыкалық бағдарламаның тұсауы кесілмек. Cover show бағдарламасын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мейрамбек Бесбаев жүргізеді. "Хабар" арнасының "Оян" бағдарламасында қос өнер иесі жаңа бағдарлама туралы айтты.

Бағдарламада елімізге белгілі және жас әншілер танымал әндердің кавер нұсқасын орындайды.

"Жүргізуші бізде - Тұрсынбек Қабатов. Ол тұрған кезде, мені жүргізуші деген болмайтын шығар. Мен әнші болғаннан кейін, әркім өз ісімен айналысуы керек қой. Әлемде бар нәрсе, бізге енді келіп жатқан өнердің бір түрі. Қазір бізде сәнге айналды. Көптеген әншілер танымал әндерді өз стильдерінде айтады", - дейді Мейрамбек Бесбаев.

"Бағдарламаға шақырған кезде өзім де түсінбей барғанмын. Тек бірінші бағдарламаны түсіргеннен барып мұндай жобаның керек екенін түсіндім. Әр бағдарламаға 4 әншіден қатысып, екі әннен орындайды. Бұрынғы клиптерді экраннан көрсеткен кезде қазіргі әншілер қалай көреді? Ән мүлдем өзгеріп, екінші өмір сыйлағандай. Көп әндерді ұмытып кеткен екенбіз", - дейді Тұрсынбек Қабатов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары