Әлеуметтік желідегі әр қадамы жұрт назарына бірден ілігетін Мәдина Сәдуақасова тағы да елдің аузында. Танымал әнші бұл жолы қымбат аяқ киімін көрсетіп мақтанған, деп хабарлайды Экспресс К.
Мәдина дәл қазір Мәскеуде жүр. Ол санаулы сағат бұрын әлемге әйгілі брендтің соңғы үлгідегі коллекциясынан аяқ киім алғанын көпшілікке көрсетіп, бағасын да жазып қойған. Әншінің айтуынша, аяқ киімнің құны 462 мың теңге екен.
Іші жып-жылы, қалың. Өте ыңғайлы, киіп аласың да жүре бересің. Сондықтан бұл деген супер аяқ киім. Бағасын жазып қояйын, - деді Сәдуақасова.
Әнші жап-жаңа аяқ киімін қарапайым халық киетін кәдімгі "калошқа" ұқсайтынын айтып, жазба қалдырған.
Қазір қарап тұрмын, шынымен де "калош". Өзіміздің "калошімізді" де осылай бренд қылсақ та болады екен ғой. Удай қымбатқа алмай, сұлуынан жылуы да деп бәріміз киіп жүретін, - деп жазды Мәдина.