$ 448.56  478.03  4.79

«Сенімен қалай киноға түсемін?!»: Белгілі актер Бекболат Тілеуханға пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды

Мынауың ұят қой сенің. Енді сенімен қалай киноға түсемін?

Танымал актер Қуандық Шәкіржанов Бекболат Тілеуханға пародия жасап, жұртты күлдірді. Ол экс-депутаттың кітап оқуға қатысты айтқан сөзін әжуалаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қуандық Шәкіржанов әзілге негізделген видеосын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда ол түсірілім барысында режиссерге түрлі кинолардың атын айтып, "көрдің бе?" деп сұрайды.

"Анандиді көрдің бе? Денизді ше?"— дейді актер.

"Жоқ, көрмедім" деген режиссерге "Мынауың ұят қой сенің. Енді сенімен қалай киноға түсемін?" дейді Қуандық Шәкіржанов.

Ал желі қолданушылары актердің Бекболат Тілеуханға пародия жасағанына риза болып, түрлі пікір жазып жатыр.

"Бәкеңнің қарғысы тиіп жүрмесін", "Күлкіден өлтірдіңіз", "Қуандық аға, жарадыңыз! Әбден күліп алдым", "Бекболатқа жасаған пародияңыз ұнады", "Аман жүріңіз, Қуандық аға", — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары