$ 444.22  476.38  4.82

Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға келгенін хабарлаған болатынбыз.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Әнші Димаш Құдайберген өзінің Insagram парақшасында Рим Папасымен кездескенін әрі оның қолынан медаль алғанын сүйіншіледі. 

«Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз узақ болсын. Ағатайды да @kanat_sveta_aitbayevtar сыйлығымен құттықтаймыз!», – деп жазған ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға келгенін хабарлаған болатынбыз. Димаш Құдайберген көрерменге «The story of one sky» («Бір аспанның хикаясы») деп аталатын жаңа әнін ұсынды. Бұл ән адамдарды татулыққа үндейді, нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінген халықтың бәрі бір планетаның перзенті және бір аспан астында өмір сүріп жатқанын еске салады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары