Алғашқыда қалың көпшілікке әнші ретінде танылып, кейін туған інілерімен бірге "Ағайынды Жүгінісовтер" тобында өнер көрсеткен Рүстем Жүгінісов бүгінде шоу-бизнестен толықтай алшақтаған. Дәл қазіргі таңда дінге бет бұрған жігіттің сыртқы образы жұрттың сынына жиі ұшырап жүр, деп хабарлайды Экспресс К.
Әлеуметтік желідегі парақшасына зер салсақ, қазіргі Рүстем Жүгінісовтің сыртқы болмысы тым басқа. Шоу-бизнесте жүрген кездегі естелік суреттер мен видеолардың барлығын өшіріп тастаған. Сақалын өсіріп алған ол діни тұрғыдағы жазбаларды жиі жариялайды. Алайда әнші жігіттің бұл әрекетін оқырмандары қабылдай алмай жүрсе керек, түрлі теріс пікірлер жазып жатыр.
"Түрің не болып кеткен? Қазақтар сақалын 60 жастан асқанда ғана өсірген", "Сақал қоймағаның дұрыс", "Мына жігітке не болған? Жап-жас болып сақал жіберіп... Бұл әнші еді ғой, ән айтқанын көргенімін", "Сақал өсірмей-ақ жүре беруге болмай ма екен?" — деді желі қолданушылары.
Ал Рүстем Жүгінісов өзінің ұзын сақалы мен діни ұстанымына байланысты бейнеүндеу жариялады.
"Соңғы кездері менің сақалыма қатысты түрлі пікірлер келіп жатыр. "Неге сіз сақалыңызды қырып тастамайсыз? Сақалсыз-ақ намаз оқи беруге болмай ма? Осы қазіргі жігіттерге не болған? Түрлері шал сияқты болып кеткен" деген сияқты көптеген пікірлер келіп жатыр. Бірде "40 хадис" кітабының авторы, үлкен ғұлама имам ән-Науауиге бір кісі келіп: "Қандай кезде сақалды қырып тастауға болады?" деп сұрақ қойған екен. Сол кезде имам: "Бір кезде ғана сақалды қыруға болады. Қандай жағдайда десеңіз? Егер сіз әйел адам болып, бетіңізге сақал шығып кетсе, сол кезде ғана қыруға болады деген екен", — деп жауап берді Рүстем Жүгінісов.