Актриса Айгүл Иманбаева соңғы кездері хейтерлердің назарына жиі ілігіп жүр. Жуырда Таиландта демалып келген Айгүл ашық образдары үшін сынға қалған еді. Бұл жолы актриса шашын тақырлап, елдің талқысына түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сәлем достар! Шашымның жағдайы осылай болды. Қалай ойлайсыздар, осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?" - деді Иманбаева.
Кадрдан актрисамен бірге Жұлдыз Әбдікәрімованы байқауға болады.
"Аман болса басыңыз, өсер әлі шашыңыз", - деп күледі ол.
Қос өнер иесі түсірілім алаңында бас қосқан ұқсайды. Дегенмен, желі қолданушылары Иманбаеваның қалжыңын орынсыз деп бағалады. Оқырмандар арасында Айгүлдің айтқанын шынайы қабылдап, тіпті ол үшін алаңдап қалғандар бар.
"Онкология ма?", "Аман-саусыз ба?", "Не істеп жүрсіз? Тентек болдыңыз ба?", "Расымен алып тастадыңыз ба?", "Биттеп кеткен жоқ па?", "Танымай қалдым", - деп жазды желі қолданушылары.