$ 444.22  476.38  4.82

Анасының аяқ киімін сүрткен видеосын желіге салған Майғазиев елден сөз естіді

Осындай жасандылықтың не керегі бар?

Анасының аяқ киімін сүрткен сәтін видеоға түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіге жариялаған Сәкен Майғазиевтің қылығын халық қатты талқылап жатыр. Көпшілік әншінің бұл әрекетін жасандылыққа балаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторда тараған бейнежазбаға зер салсақ, Сәкен еңкейіп анасының калошы мен мәсісін жылтыратып сүртіп жатқанын аңғаруға болады. Дәл осы көріністі әншінің көмекшісі телефонға түсіріп, кейін әлеуметтік желіге жариялаған екен. Бірақ Майғазиевтің бұл әрекетін көпшілік дұрыс түсінбесе керек, оқырмандардың басым бөлігі сыни-пікір қалдырыпты.

"Осыны түсірмесе де болады ғой. Мақтануды қою керек. Не істесең де Алланың разылығы үшін жасайсың", "Әдейі түсіріп, елге көрсетеді", "Осындай жасандылықтың не керегі бар?", "Әншілер не істерін білмей жүр", — деп жазды желідегі жұрт.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын танымал әншілер арасында осыған ұқсас челлендж елдің ашуын тудырған. Ол кезде Төреғали Төреәлі, "Жігіттер" тобының солисі Ердос Қанаев, айтыскер ақын Дидар Қамиев және әнші Ұшқын Жамалбек бастаған өнерпаздар анасының аяғын жуып, табанын сүйген сәтін әлеуметтік желіге жүктеп, бір-біріне эстафета жолдаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары