Желіде жалаңаш суреттерімен танылған атышулы Айжан Байзақова тұрмысқа шықпақ. Блогерге сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жеке өміріндегі қуанышты хабарды Айжан Instagram парақшасында хабарлады.
Сылқымға сүйіктісі романтикалық тосынсый дайындаған.
Есімі белгісіз күйеу жігіт раушан гүлімен көмкерілген алаңға: "Маған тұрмысқа шығасың ба?" - деп жазған. Бұл жерге Айжанды достары көзін байлап алып келді. Сондай-ақ, Айжанның жалғыз інісі игі іске атсалысқан.
"Бақытты бол, жаным. Ол "иә" деді", - деп қуанды Әлихан Байзақов.