$ 444.22  476.38  4.82

«Қайратты енді он жыл көрсетпеймін»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына мәлімдеме жасады

«Сен қатын нервке тимей, Қайрошты салсай».
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Кезінде он жыл жұрттан жасырын отырған Жұлдыз Әбдікәрімова енді күйеуінен өш алмақ. Ол Қайрат Нұртасты алдағы он жыл көрсетпейтінін айтты. Жұлдыздың бұлай деуіне желідегі оқырманның хаты себеп болған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыз бір оқырманынан жеткен хатты жариялады. Онда егде жастағы әйел «Қайратты көрсетпейсің» деп Жұлдызға бар өкпе-назын жеткізген.

«Сен қатын нервке тимей, Қайрошты салсай. Байы жоқ қатын ұқсамай, Аллаға шүкір ет. Байың тірі ғой. Сен қатын, қысқасы нервке тиме, жақсы көретін едім, көңілім қалды. Қайроштай байың болса, не арманың бар? Ертеңнен бастап сал суреттерін, көретін болайық», - дейді оқырман.

Ашуланған Жұлдыз Қайратты енді он жыл көрсетпейтінін мәлімдеді.

«Ертеңнен бастап сал суреттерін, көретін болайық» дейді. Енді оның суреттерін 10 жылдан кейін саламын, әйтпесе көз тиеді», - деді Жұлдыз.

Бұдан кейін Әбдікәрімова Қайратты көргісі келетін оқырмандарға арнайы видео жолдады. Онда Қайрат Нұртас өзі үшін алаңдаған жандарға алғыс білдірген.

«Тірімін, ең бастысы жақсымын. Аллаға шүкір, отбасым қасымда. Тек енді мені 10 жыл көрсетпейді», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары