«Ұлы дала баласынан» таяқ жеген 20 жастағы Бекарыс Қожбановтың әншіге деген өкпесі қара қазандай. Еш себепсіз соққыға жығылған ол істі соңына дейін апаруға бекініп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Танымал әншіден таяқ жеген Бекарыс Қожбанов бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында айтты.
Туристерге жол сілтеп, ақша тауып жүрген гид әншіні шетелдік қонаққа мақтағаным үшін жазалы болдым дейді. Оның айтуынша, жанжалдың шығуына ресейлік азаматтың Төреғалиге қарағаны себеп болған.
«Туристермен Көлсайдың жағалауында демалып жатқанбыз. Төреғали ағамыз да сол жерде демалып жүр екен. Сол уақытта Мәскеуден келген туристке Төреғалиды мақтағанбыз, эстрада жұлдызы деп таныстырдық. Сырттан келген қонақ әншіге 5 секундтай қарап тұрды. Осы Төреғалиға ұнамаса керек, ол келіп аузына келгенін айта бастады. Кейін маған атылды. Бетімнен және денемнен ұра жөнелді. Полицияға арыз жаздым. Сараптамадан өттім. Төреғали маған хабарласқан жоқ, ешкім келіп кешірім сұрамады. Кім болсада, біреуді еш себепсіз ұруға хақысы жоқ. Мен Төреғалиді кешірмеймін, істі соңына дейін апарамын», — деді Бекарыс Қожбанов.
Бекарыстың соққыға жығылғанын, әншінің былапыт сөз айтқанын оқиға куәгерлерді де растап отыр.
«Мен Қазақстанның табиғатын тамашалауға Мәскеуден арнайы келдім. Гид маған эстрада жұлдызын таныстырып жатты. Сәл қарағаным сол еді, оған бұл әрекетім ұнамай қалды. Ол аузына келгенін айтып жатты. Соңынан бізге жол көрсетіп, жөн сілтеп жүрген жігітті ұрды», — деді ресейлік турист.