$ 449.58  486.94  4.86

«Малайың емес!»: Шәріп Серік анасы мен Say Mо арасындағы жанжал туралы толық айтып берді

Анам Мөлдірге үйге қонақтар келді үйге тез жет деген. Ал ол болса келе алмайтынын, жұмыстарының барын айтқан. Содан ұрыс басталды.

Белгілі актер Шәріп Серік микроинсульт алып ауруханаға түскен, деп хабарлайды Экспресс К. 

Шәріптің экс-жары Say Mo-мен ажырасып кетуіне оның үйіне келген қонақтарды дұрыс күтіп алмауы себеп болыпты. Бұл туралы актер танымал тележүргізуші Аман Тасығанның Talk Like жобасына берген сұхбатында ашып айтты.

Актердің айтуынша, анасы мен жарының жанжалы кезінде ол Грузияда болған. Киноға түсіпті.

"Ол кезде мен түсірілім жұмыстарыммен Грузияда болдым. Анам Мөлдірге үйге қонақтар келді үйге тез жет деген. Ал ол болса келе алмайтынын, жұмыстарының барын айтқан. Содан ұрыс басталды. Мөлдір маған звондады. "Неге сенің мамаң сөйтіп жатыр. Мен ондай келін емеспін" деді. Оның да сөзінің жаны бар. Анама: "Ол сенің затың емес, малайың емес" дедім. Анам болса келіні екенін айтты. Менің анам оның шешесімен қыдырып жүрген суретін Instagram-нан көріпті. Сол сәтте үйде Атыраудан келген қонақтар болған" , — дейді актер.

Содан кейін Say Mo "актердің анасы бізге күн көрсетпейді" деп жамандап желіге бірнеше жазба жариялаған. Әншінің бұл әрекеті күйеуінің намысына қатты тиген.

"Мен ажырасамын дедім. Біраз нәрсе айтты, ол менің намысыма тиді. Мені барлық жерден блоктап тастайды. Қой десем қоймай, посттарды бірінен соң бірін жаза берді. Менің жүйкем жұқарып талып қалдым. Көзімді ашсам реонимобильде жатырмын. Микроинсульт алған екенмін. Оң жақ бетім тартып қалды. Содан ұйықтай алмадым. Ұйықтататын дәрі береді, сонда да ұйықтамадым", — дейді Шәріп Серік.

Актер Шәріп Серік пен әнші Say Mo 2020 жылы шариғат бойынша некесін қиып, шаңырақ көтерді. Алайда тойдан кейін бір ай өткен соң жұлдызды жұп ажырасып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары