$ 494.87  520.65  4.91

«Қай бақытсыз алды екен?»: Атышулы Айжан Байзақова ұзатылды

Бейнежазбадан ет жақындарының ақ тілектерін айтып, қимай қоштасып жатқанын көруге болады.
Фото: exk.kz
Фото: exk.kz

Айжан мен оның жақындары қазақтың салт-дәстүрін ұстана отырып, ұзату тойын өткізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Той кезінде түсірілген бейнежазбаны блогер өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Ақ көйлек киген аруды ортаға алып шығып, құлағына сырға салды. Бейнежазбадан ет жақындарының ақ тілектерін айтып, қимай қоштасып жатқанын көруге болады.

Айжан Байзақованың ұзатылғанына көпшілік сенбей кезекті ойындарының бірі десе, енді бірі оғаны шын жүректен бақыт тілеп жатты.

"Сен де адам боп кеттің-ау", "Қай бақытсыз алды екен?", "Туған әпкем ұзатылып жатқандай", "Сіз үшін қуаныштымын, бақытты болыңыз", "Әр қыз бақытты болуға лайықты", Айжанды мұндай образда көру біртүрлі екен", — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары