8 қазанда әлеуметтік желіде көлік жүргізіп келе жатып алкогольдік ішімдік ішкен блогер Гүзел Қалиеваның видеосы тараған болатын. Бұл дерекке қатысты Алматы қалалық ПД өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Экспресс К.
"Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Полиция тексеру жұмыстарының нәтижесінде 1992 жылы туған азаматшаны ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол бейнежазбаны үш күн бұрын түсіргенін, ал шөлмекте су болғанын айтты",- делінген хабарламада.
Полицейлердің айтуынша, блогерді ұстаған кезде ол сау болыпты. Оның үстінен ҚІЖК-нің 593-бабының 2-бөлігі (көлік құралын қауіпсіздік белбеуінсіз басқарған) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.