$ 494.87  520.65  4.91

«Сендерге қидым қайшымен, ғұмырымның қалғанын»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хатын көрсетті

Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза болды. Ресми тергеудің айтуынша, ол өз-өзін үш рет атып суицид жасаған.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің аманат хатын көрсетті. Нұрқаділов 15 жыл бұрын өлең хат жазып қалдырған. Қазақтың біртуар азаматы жарына деген ыстық махаббаты мен аманатын өлеңмен жеткізген екен.

Әнші өзіне өлең арнаған күйеуінің хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің отбасына арнаған өлеңін көруге болады. Өлең хат 2005 жылдың 26 тамызында жазылған. Марқұм азамат сөз соңында қолтаңбасын қалдырған. Заманбек Нұрқаділов дәл осы жылдың қарашасында мәңгі бақиға аттанып кете барды. 

Күшейтер саған қорғанын,

Жау жеңіліп, сен жеңіп.

Үзерсің шынжыр торларын.

Әсем ән әлі құлпыртар

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ,

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен

Ғұмырымның қалғанын.

Өнерді мәңгі алғансың,

Алла берсін жалғасын! — деп жазылған хатта.

Мақпал Жүнісова өзіне өлең арнаған күйеуіне деген сағынышын жасыра алмады.

"Зәкең өмірден өткен соң өз қолымен жазып кеткен жазба табылған еді. Бәрін сезген екен, екі ай 10 күн қалғанын кім білген?!", - деді халық әртісі.

Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза болды. Ресми тергеудің айтуынша, ол өз-өзін үш рет атып суицид жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары