Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіге Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан көмек сұрады.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Құрметті Президентіміз Қасым-жомарт Кемел ұлы! Әлділердің әлсізге көрсеткен зәбірі, намысты азамат болсаң, адам өміріне әсер етуі заңдылық. Эйр Астананың борт серігі, қазақша білмей, қақылдап қоймады деген сөзіме ілінісіп, сөз түсінбегесін, мені елдің көзінше ішіп алған жолаушы деп, полицияның 4-қызметкері аэропорттан қарсы алып, елдің көзінше абыройыма сын келтірді. Менің анықтамам болғасын, істе мені боқтады, борт серіктің айтқанын істемеді -, деп, айып тақты. Маған куә жолаушылардың сөздері сотта тіркелсе де, бір ғана Эйр Астана қызметкерінің куә болуына байланысты, әкімшілік сотта, мені айыпты қылып 5-МРП төлеу туралы сот шешімі шықты. Сотта Эйр Астананың қызметкері куә болу арқылы шешімін шығару, әрине бір мекемеде жұмыс істейтін, өз компаниясының абыройы үшін, айтпаған сөзді айтқызып, компанияның мүддесі үшін өтірік жала жауып, өтірікшінің куәсі қасынан табылады.
Мен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері бола тұра, шет мемлекеттерде жасымнан әлемнің танымал сахналарында өнер көрсеткен, халықтың ортасында, жыраулық сөз өнерін насихаттап жүрген мәдениет адамы ретінде, қасымда отырған борттағы халықты сыйламай, сынған, жұмыс істемейтін кресло үшін, боқтайтын, өз сөзіне жауап бере алмайтын білімсіз адам емеспін.
Мәселе, 5МРП-15000-тенге төлеуде емес, мәселе адамның жанын жаралайтын, Эйр Астананың борт серігі қазақша, орысша, ағылшынша білуге міндетті бола тұра, бір ауыз қазақша сөз білмей, маған боқтады, - деп айыпты қылғаны. Аққа құдай жақ дегендей, жолаушылардың арасында адвокаттар одағының төрағасы Бикебаев Айдын да болыпты. Бірақ ол лауазымына байланысты куә болудан бас тартыпты. Сот қалған куәлердің сөзін ескермей, борт серігі Халт Кристина куәсі - Байлин Арман атты Эйр Астана қызметкерінің куә болуымен шешім шығарғаны, әділеттілік пе? Айтпағанды айттырып, жала жапқан, сот жүйесіндегі әділетсіз шешім, менің жаныма батты.
Құрметті президент Қасым-жомарт Кемелұлы, өз елімнің патриоты ретінде, өз құқығымды өз мемлекетімде таптатқым келмейді.
Сіз, әдебиет зиялысының ұрпағы ретінде, жыраулық сөз өнерінің қадір қасиетін түсінетін, мәдениет жанашыры ретінде, соттың әділеттілігін сұраймын! Жаңа әділетті Қазақстан құру, әділдікті қорғау, деп білемін.",- деп жазба қалдырды.