$ 448.15  483.46  4.86

Үздiк пьесалар анықталды

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Тәуелсiздiк толғауы» жаңа пьесалар байқауы өттi.

Театр репертуарларын тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi келбетiн бейнелейтiн туындылармен толықтыру, ұлттық театр өнерiн дамыту, облыстан шыққан драматургтердiң көркем дүниелерiн насихаттау, сондай-ақ, жас драматургтердi қолдау мақсатымен ұйымдастырылған байқауға елiмiздiң түпкiр-түкпiрiнен 28 пьеса келiп түскен едi. Қазақстанның қарымды қаламгерлерi мен танымал драматургтерi қазылық еткен байқау мәресiне жеттi.

Қазылар алқасының мүшелерi «Байқау ережесiне сәйкес туындылардың бұрын-соңды театр сахнасында қойылмауына, елiмiздiң тәуелсiздiк жылдарындағы оқиғалардың көрiнiс табуына, көркемдiк деңгейi жоғары болуына мән берiлдi. Кез келген байқауда бас бәйге алған шығарма үлкен оқиға тудыруы керек. Сол себептi бас жүлденiң орнына бiрiншi орынды екi шығармаға бөлiп беруге шешiм қабылдадық» дейдi.

Сонымен, I орынға жазушы Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» мен Сая Қасымбектiң «Дауыл» пьесасы лайық деп танылды. II орын – Байғали Есенәлиевтiң «Ана жүрегi», III орын Төкен Әлжантегiнiң «Жалғыздық жаңғырығы» мен Мұрат Қолғанаттың «Пони» туындысына берiлдi.

Хусеин Әмiр-Темiрдiң «Ешкiмге керегi жоқ ауыл» пьесасы – «Шығармадағы рухани кеңiстiк», Ұлжан Шайхиеваның «Желтоқсан айы мазасыз» туындысы – «Тақырып тұтастығы», Ақылбек Шаяхметтiң «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке» шығармасы – «Ұлттық құндылықты дәрiптегенi үшiн», Асылбек Ықсанның «Хақ жолы» пьесасы «Бүгiнгi күннiң жарқын бейнесi» арнайы номинациясымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары