$ 443.85  474.3  4.8

Әкімнің қабылдауына жабық киініп келген Жолдыбаевалар жұртты таңғалдырды

Желі қолданушылары жайшылықта ашық-шашық киініп жүретін әншілердің әкімнің қабылдауына жабық киініп барғанына таңданыстарын жасырмады.

Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданынының әкімі Рахат Елтизаров би өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Гүлнар Жолдыбаеваны әнші қыздары Кәмшат және Алтынаймен бірге қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші қыздардың анасы 60 жасқа толған. Сондықтан оны аудан әкімі арнайы құттықтады. Ол Гүлнар ханымның би өнеріне сіңірген еңбегіне алғыс айта келе, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудан өнерінің дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті.

"Елеулі еңбегіңіз халықтың ықыласына бөленді. "Қызғалдақтар" үлгілі би ұжымының 35 жылдық мерейтойы — соның жарқын көрінісі. Жоғары қызметтегі кәсіби біліктілігіңіз, еңбекқорлығыңыз — болашақ жастарымызға үлгі, - деді Рахат Елтизаров.

Әкімнің қабылдауына Гүлнар Жолдыбаева өнерде жүрген екі қызы Кәмшат пен Алтынайды және ұлы Русланды ертіп барды. Ал желі қолданушылары жайшылықта ашық-шашық киініп жүретін әншілердің әкімнің қабылдауына жабық киініп барғанына таңданыстарын жасырмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары