$ 494.87  520.65  4.91

Ақбота-Нұр Дәурен Айдарқұловпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Балаларымның әкесінің әр басқан қадамына сәттілік тілеймін.

Актриса Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен қазіргі таңда қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасында оқырман сұрағына жауап берген.

Желе қолданушыларының бірі Ақбота Сейітмағамбеттен "Дәуренмен ара қатынасыңыз қалай?", - деп сұраған.

Ал актриса бұрынғы күйеуімен сәлемі түзу екенін және оның әр басқан қадамына сәттілік тілейтінін жазды.

"Қалай болуы керек? Әрине, жақсы. Бізде тек арамыздағы неке ғана сәтсіз болды. Ал тұлға ретінде әрдайым бір-бірімізге сәлеміміз түзу, құрметіміз орнында. Балаларымның әкесінің әр басқан қадамына сәттілік тілеймін", - деді актриса.

Айта кетейік, осыған дейін Дәурен Айдарқұлов та өзінің бұрынғы әйелдерімен қандай қарым-қатынаста екенін мәлім еткен еді.

"Бірінші және екінші бұрынғы әйелдермен араласып тұрамын. Қарым-қатынас жақсы. Екінші некедегі балалар ата-анаммен, яғни бізбен бірге тұрады. Бұл Ақбота екеуміздің уақытша, ортақ шешіміз. Мен де, ол да сапарда жиі боламыз, кинога түсеміз. Сол себепті бұл ең дұрыс шешім болды. Ата-анам мен Әйгерім қарындасыма үлкен рахмет айтқым келеді.

Бұрынғы әйелдерімнің біріншісі де, екіншісі де бізге қонаққа келіп тұрады. Осы жерде мен бірінші және екінші бұрынғы әйелдеріме түсіністікпен қарағандары үшін рахмет айтқым келеді. Мұны әркім жасай алмайды", - деген болатын актер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары