$ 491.7  531.28  5.07

Айжан Байзақова жолдасымен некесін қиды

Үйлену туралы хабардан кейін Айжан Байзақованың көптеген жанкүйерлері "бұл тағы да өтірік" деп болжады.

Қыркүйек айының соңында танымал қазақстандық блогер Айжан Байзақова өзіне отбасын құру туралы ұсыныс жасалғанын хабарлаған еді. 20 қазан күні ол күйеуімен бірге неке қию рәсімін жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байзақова қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Үйлену туралы хабардан кейін Айжан Байзақованың көптеген жанкүйерлері "бұл тағы да өтірік" деп болжады. Өйткені ол бірнеше жыл бұрын жалған үйлену тойын ұйымдастырған еді. Бірақ блогердің достарының айтуынша, бұл жолы бәрі - шын.

2019 жылдың жазында желіде Айжан Байзақова мен бір жігіттің түскен фотолары мен видеолары пайда болған еді. Онда блогерлер үйлену тойын тойлаған, сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрі бойынша тойға дайындалған сәттерін де көрсеткен. Әлеуметтік желіде де тарап кеткен шақыру қағаздарында 7 маусым күні көрсетілген. Бірақ Байзақованың болашақ күйеуінің аты да, түрі де болмады. Бұл Salem Social Media-ның "Айжан Байзақованың үйлену тойы" әлеуметтік эксперименті екені кейін хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары