$ 491.7  531.28  5.07

Айжан Байзақова мәһрге не сұрағанын айтты

Алайда көлігің де, қымбат ұялы телефоның мен киілмей жатқан тоның барда не сұрарыңды білмейді екенсің.

Жақында тұрмысқа шыққан блогер Айжан Байзақова мешітте некесін қидырған болатын. Оның күйеуінен мәһрге не сұрағаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Жаңа өмірге қадам басқан блогердің өміріне қызығушы оқырмандары көп. Желідегілердің бірі Байзақованың мәһрге не қалағанын сұраған.

Ал Айжан Байзақова мәһрге мешітте ештеңе сұрамағанын жеткізді.

"Мешітте молданың көзінше ештеңе сұрамадым. Күйеуімнен жеке сұрағым келетінін айттым. Біз бұл тақырыпқа көп әзілдесетінбіз.

Алайда көлігің де, қымбат ұялы телефоның мен киілмей жатқан тоның барда не сұрарыңды білмейді екенсің. Оның үстіне сәнді бұйымдарға қызықпаймын. Сондықтан әзірге нақты зат сұрамадым", - деді Байзақова.

Айта кетейік, осыған дейін Байзақованың дүркіретіп той жасағаны белгілі болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары