$ 494.87  520.65  4.91

Грэмми сыйлығының иегері Иманбек үйленді

Осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде диджей өзінің бір жарым жыл бойы "Айби" атты қызбен кездесіп жүргенін айтқан.

Қазақтан шыққан жалғыз Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов үйленді. Дүбірлі тойдан кадрлар желіде пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталмыш қуанышпен Бауыржан Жансейітов өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

"Біз енді құдалармыз. Біздің Айшабибі мен Иманбек үйлену тойын өткізді!", - деп жазба қалдырды.

Осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде диджей өзінің бір жарым жыл бойы "Айби" атты қызбен кездесіп жүргенін айтқан. Сүйіктісі оны ең бірінші болып музыкалық сыйлық алуымен құттықтаған екен.

"Мен карьерам мен жеке өмірімді бір-біріінен алшақ ұстаймын. Сондықтан қызымнан менің қызметіме араласпауын өтіндім. Мысалы, студияда жұмыс істеуге кедергі болмағанын қалаймын. Оның қолдауы, әрине, орасан зор. Менің жаңа тректерімді алғашқылардың бірі болып сол естиді", — деді Иманбек.

Ол сондай-ақ қыздардың қарапайымдылығын, әдептілігін, ақылдылығын бағалайтынын ашық айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары