$ 494.87  520.65  4.91

«Бізді кіргізбейді»: Жансақтау бөлімінде жатқан Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайын жұбайы айтып берді

Таяу арада жазылып, қатарымызға қосылып кетеді деген үмітіміз бар. Жақсы ниетпен отырмыз.

Айтыскер ақын Жүрсін Ермановтың денсаулығы туралы зайыбы Бақытжамал Ерманова айтып берді, деп хабарлады Caravan.kz.

«Ауруханаға түскенде қатты алаңдап едік. Қазір жағдайы жақсы. Жақсарып келе жатыр. Қасында дәрігері, медбикесі бар. Бізді кіргізбейді. Тек хабарын біліп отырмыз. «Батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дейді ғой. Таяу арада жазылып, қатарымызға қосылып кетеді деген үмітіміз бар. Жақсы ниетпен отырмыз», - деп ақынның жұбайы Бақытжамал Ерманова.

Еске салайық, бұған дейін Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы бірнеше БАҚ хабарлаған болатын. Бұл жөнінде министр Ажар Ғиният та пікір білдірген:

«Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек», - деп мәлімдеген еді.

Ал, әлеуметтік желіде мәдениет саласының өкілдері, ақындар Жүрсін Ерман үшін дұға, амандық  тілеп, жазбаларын әлі де жариялауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары