$ 443.37  474.49  4.83

«Әлі де қыздың белінен ұстайтын шамасы бар»: Асанәлі Әшімовтің биі жұртты таңқалдырды

85 жастағы Казақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қырғыздың халық әртісі Гүлайым Қаниметовамен ортада билеуі көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Әлеуметтік желіде белгілі театр режиссері Есмұқан Обаевтың 80 жасқа толған мерейтойынан видеолар тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Әсіресе, 85 жастағы Казақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қырғыздың халық әртісі Гүлайым Қаниметовамен ортада билеуі көпшіліктің қошеметіне бөленді.

"Асанәлі ағамыз әлі де қыздың белінен ұстайтын шамасы бар екен", Зиялы қауым аман болсын", "Қазақтың аңызы жасасын", "Асанәлі ағамыз қалай жеңіл билейді", "Асанәлі ағамыздың биіне ризамын", "Бекежан ағамыздың жастық шағы есіне түсіп кетті ме?", -деген пікірлер жазылған.

Сонымен қатар видеода Досхан Жолжақсынов, Лидия Кәденова, Жанаргүл Жаныманова және т.б М.Әуезов театрында еңбек еткен көптеген өнер жұлдыздары байқауға болады.

"Киркоров құрысын, міне, нағыз тұлға аға-апаларымыз бар", "100 жасаңыздар, абыздар!, "Киген киімдері қандай тамаша", "Керемет жарасымды", "Асанәлі, Есмұқан, Досхан аталарымыз 100 жасасын", "Пах шіркін, көңіл жас қой!, - деген пікірлер көптеп жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары