$ 494.87  520.65  4.91

Төреғали Төреәлінің қарындасы үш ай кездескен жігітіне тұрмысқа шықты

Жас жұп осыдан бірнеше апта бұрын қол ұстасып Еуропаны бірге аралап келген болатын.

Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде Төреғали Төреәлі кіші қарындасын ұзатты. Дүбірлі кешке қазақ өнерінің бүкіл жұлдыздары жиналған, деп хабарлайды Экспресс К.  

Жаңа өмірге қадам басқан Төреғалидың қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде блогер ретінде көпшілікке жақсы таныс. 19 жастағы ару жеке өмірі жайлы өзінің парақшасында жиі жазады. Кеше түнде ұзатылған ол мейрамхана залындағы дизайнды өзінің қалауымен жасап, асаба мен әншілерге арналған сахнаны да арнайы тапсырыспен дайындатқан екен.

Дина Төреәлі әлеуметтік желіде блогер ретінде көпшілікке жақсы таныс.

Ұзату кешінде әнші Жазира Байырбекова қалыңдықты жаңа құдалар мен қонақтардың алдына әнмен алып шықты. Ал Төреғали қарындасына арнау айтып, той соңында қоштасу тілегін жектізді.

"Жаныңның жапырағын жұлып беру, қабырғаңды сөгіп беру қандай қиын нәрсе. "Қыз бала дүниеге келеді, өседі, өнеді, бірақ өзінің үйіне кетеді" деген рас екен. Барған жеріңе береке боп бар, бақ боп бар"- деді Төреғали қарындасына.

"Сүрінбе, қызым,

Жылама, қызым,

Тапсырдым сені,

Құдама, қызым..."

Төреғалидың әкесі кенжесі Динаның құрметіне дәл осы әнді арнайы жаздырған. Қызымен қоштасу әні тойға келген меймандардың жанарын жасқа толтырды.

"Алла Тағала екеуіңді жолықтырды, жұп қылды. Біз таңдап берген жоқпыз. Бір-бірлеріңді өздерің таптыңдар. Жылама, өйтпе-бүйтпе деп жатыр ғой. Не деп жылаймыз? Балаларымыз бақытты болып жатса, қуанбаймыз ба?, - деді Төреғалидың ата-анасы.

Сондай-ақ Ерке Есмаханның әніне екі жас махаббат алаңында вальс билесе, Төреғалидың әйелі Толқын Тұрарбекқызы қайын сіңлісін өзі ұзатты. Ал дүбірлі кешті "Алашұлы" тобының әншісі, актер Мақсат Рахмет жүргізген.

Айта кетейік, тойға келген меймандардың қатарында мұхит асып Америкадан келген қонақтар да бар екені айтылды. Сондай-ақ бұл кешке әнші Майра Ілиясова, Нұрлан Абдуллин, Жеңіс Ысқақова, Сәкен Майғазиев, Мәдина Сәдуақасова, Гүлзира Айдарбекова, Бүркіт пен Аиша және Қайрат Нұртас сынды шоу-бизнес жұлдыздары жиналған. Ұзату кешіндегі ерекше сәттерді Төреғалидың қарындасы Фариза Төреәлі өзінің жеке парақшасында жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары