15.11.2022, 06:20

«Күлгеніне дейін ұқсайды»: Кореядан Қанат Әлжаппаровтың сыңары табылды (ВИДЕО)

Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті Қанат Әлжаппаровтан айнымайтын корей азаматын жұртқа таныстырды.

Қазақстандық әзілкештен аумайтын кәрістің видеосы желі тұтынушыларын таң-тамаша етті, деп хабарлайды Экспресс К.

TikTok-та жарияланған видео көптің талқысына түсіп жатыр. Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті Қанат Әлжаппаровтан айнымайтын корей азаматын жұртқа таныстырады.

Түр-тұлғасы сойып қаптап қойғандай көрінетін шетелдікке де өз тілінде мән-жайды түсіндіріп жатқанын көруге болады. Көңіл-күйлері бір көтеріліп қалған желі қолданушылары бейнежазба астына әртүрлі пікір жазды. Көбі оны Қанаттың жастау кезіне ұқсатып жатыр.

"Бәсе, Қанат көрінбей кетіп еді", "Копия", "Қанат — Кореяда да Қанат", "Күлгеніне дейін ұқсайды", "Әкесі Кореяға жас кезінде барып қайтқан шығар", "Енді Тұрсынбекті тауып ал" - деп жазды жұрт.