“Дос-Мұқасан” тобының негізін қалаған, академик Досым Сүлеев аты аңызға айналған ансамбльдың тойға шығып, ақша табуға мәжбүр екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Досым Сүлеев Youtube-тегі "TALKLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда академик "Дос-Мұқасан" тобының қалай құрылғанын және ансамбльдың қазіргі жай-күйі туралы баяндайды. Оның айтуынша, топ мүшелері ақша табу үшін той-томалаққа шығуға мәжбүр.
"Қазіргі заманда ақша табу керек қой. Олар концерттен көп ақша таба алмайды. Оның үстіне концерт күнде бола бермейді ғой. Ал тойда біраз ақша төлейді. "Дос-Мұқасан" деген аты бар. Олар тойға шығуға мәжбүр, " - деді Досым Сүлеев.
Биыл "Дос-Мұқасан" ансамбліне 55 жыл толды. Осының құрметіне Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен "Дос-Мұқасан" музыкалық көркем фильмі түсірілген болатын.